Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

13 жыл бойы Стати әулетімен соттасқан Қазақстан 1 млрд доллар шығындады ма - Әділет министрі жауап берді

Әділет министрі Азамат Есқараев  Қазақстанмен 13 жылдан бері соттасып жүрген Анатолий Стати ісіне жұмсалатын ақша қалай бөлінетінін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

БАҚ өкілі министрден Анатолий Статидің Қазақстан 560 млн доллар өтеуден бас тартқаны туралы және 13 жылдағы сот процестеріне жұмсаған шығындары 1 млрд долларға жақындап қалғанын туралы мәлімдемесін жеткізіп, сауал жолдады. 

"Қазақстан Стати әулетінің бизнесмендеріне қатысты сот процесін жүргізіп жатқанына 13 жыл болды. Жуықта Анатолий Стати сұхбат беріп, кезінде Қазақстан 560 млн доллар өтеуден бас тартқанын, ал 13 жылдағы сот процестеріне жұмсаған шығындары 1 млрд долларға жақындап қалғанын мәлімдеді. Бұл ақпарат рас па? Қазақстандықтардың салығынан бұл іске қанша ақша шығындалды?",– деп сұрады БАҚ өкілі әділет министрі Азамат Есқараевтан.

Алайда Есқараев "1 млрд доллар шығын" туралы ақпараты жоққа шығарды. Оның айтуынша, 1 млрд доллар шығын туралы әңгіме болмаған және бұл шындыққа жанаспайтын мәлімет екенін айтты.

“Жалпы Стати ісі біз үшін соншалық үлкен іс емес. Оны қолдан үлкейтіп көрсетудің қажеті жоқ. Бұл – қалыпты қатардағы көп істердің бірі. Бізде мұндай қатардағы істер көп. Көп емес, тіпті бірнеше іс бар десе де болады. Шығындар туралы айтсақ, жыл сайын бюджетке ашық түрде енгізіліп, республикалық бюджетпен қабылданады. Ал Парламент республикалық бюджетті ашық тәртіппен қабылдайтынын білесіз. Бұл тұрғыда ақпаратты жасырып, жаппаймыз", – деп жауап берді министр.

Істің нәтижесі жайлы министр ештеңе айта алмайтынын, тек жұмысты жалғастыра беретінін жеткізді.
 

Талқылау