13 миллион 800 мың теңге: Жемқорлық туралы хабарлағаны үшін қазақстандықтарға қанша сыйақы төленеді
Жемқорлық туралы хабарлағаны үшін қазақстандықтарға қанша сыйақы төленетіні белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, сыйақы мөлшері 15 қыркүйектен бастап іске қосылады.
- Жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша – 30 АЕК, 103 500 тг.
- Ауыр емес жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК, 138 мың тг.
- Орташа ауырлықтағы жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша– 50 АЕК, 172 500 тг.
- Ауыр жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК, 241 500 тг.
- Аса ауыр жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК, 345 мың тг.
Егер пара сомасы 3 млн 450 мың теңгеден асса, онда хабарлама авторына оның тек 10%-ы ғана, бірақ 4 000 АЕК-тен, яғни 13 млн 800 мың теңгеден аспайтын мөлшерде беріледі.
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды
Қазақстандық оқушы ауа арқылы су тапшылығын жоюдың жолын қалай ойлап тапты: Оның өнертабысына шетел қызығуда
Ол жақында Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді