Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бір шақырым асфальт төсеу қанша тұрады

Көлік министрлігі Қазақстанда 1 шақырым асфальт төсеу қанша тұратынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: vovdi.ru

Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, 1 шақырым жолдың құны жөндеу түріне, ауа райы жағдайына және қолданылатын материалдарға байланысты. Ал вице-министр Сәтжан Әблалиев 1 шақырым жолдың құнына кеңінен тоқталды.

"1 шақырым жолды орташа жөндеумен 120-150 миллион теңгеге дейін кетеді. Бұл екі қабатты асфальт, 15 см асфальт қарастырылған", – деді вице-министр.


"Жетібай-Жаңаөзен" тас жолы уақытша ұшақтарға арналған ұшу жолағына айналады


Қарабаев орташа жөндеудің әдеттегі жөндеуден айырмашылығын түсіндірді.

"Жалпы, 1 км 100 млн тұрады. Орташа жөндеу күшейтілген конструкциясы бар жөндеу, сондықтан ол шамамен 20-50% қымбат. Яғни, жол құрылымы қайта өңделеді, тұрақтандырғыш қосылады. Бір сөзбен айтқанда, жолдың іргетасы нығаяды", – деді министр.

Министрдің айтуынша, орташа жөндеуден өткен жолдардың жарамдылық мерзімі бес жыл.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда мердігер компаниядан жол жөндеу кезіндегі заңсыздықтар үшін 800 миллион теңге өндірілгені туралы жазған едік. 

Талқылау