12 жастағы қазақстандық теннисші Сауд Арабиясында өткен додада топ жарды

Қазақстан жас спортшы Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен халықаралық додада топ жарып, алтыннан алқа тақты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жәния Бекмұхамбетова Сауд Арабиясының Даммам қаласында өткен халықаралық WTT Youth Contender турнирінде қарсылақ шақ келтірмеді.
Ол жарыс жолында 6 теннисшімен өзара мықтыны анықтады. Қарсыластарының барлығын айқын басымдықпен ұтты.
Осылайша ол 13 жасқа дейінгі балалар арасында чемпион атанды.
Айта кетейік, ол бұған дейін де мамыр айында Испанияда өткен турнирде үздіктер қатарынан көрінген еді.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”

