111 жастағы кейуана коронавирусты жеңіп, рекорд орнатты
Чилидің Сантьяго қаласының тұрғыны жаңа коронавирусты жеңіп, рекорд орнатты - ол аурудан айыққан ең қарт Чили тұрғыны болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

111 жастағы кейуана Хуан Суньига өзі тұратын қарттар үйінде басқа 25 адаммен қоса SARS-CoV-2 коронавирусын жұқтырып алды. Алайда ол ең егде пациент болды. Суньига COVID-19-бен ауырғанға дейін оның өкпесінде проблемалар болған. Дегенмен, ауру оның денсаулығына қатты әсер еткен жоқ.
"Ол ешқандай симптомдар көрсетпеді және жоғары температурадан зардап шеккен жоқ", — деді қарттар үйінің директоры Мария Пас Сордо.
Суньиганы қарттар үйінің басқа тұрғындарынан 28 күнге оқшаулаған. Ол 10 мамырда коронавирустан емделіп, аурудан айыққан ең қарт Чили тұрғыны болды.
Суньига сіңлісі қайтыс болғаннан кейін 2014 жылы қарттар үйіне келген. Оның ешқашан күйеуі мен балалары болмаған.
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.