11 жасар бала әжесін аман алып қалу үшін Mercedes-Benz көлігін айдап әкетті
АҚШ-тың Индиана штатында 11 жасар жасөспірім Mercedes-Benz көлігін ұрлап, әжесінің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Пи Джей Брюер-Лей және оның әжесі Ангела үйден екі жарым шақырым жерде жүрген. Немересі балалар электромобилін айдап жүргенде әжесінің денсаулығы нашарлап жатқанын байқаған. Ол ауруханаға жеткізу үшін гаражға барып, әжесінің Mercedes-Benz көлігін айдауды шешім қабылдаған.
"Мен жол белгісіне сүйеніп, кенеттен өзімнің Mercedes-Benz көлігімнің оң жағымнан келе жатқанын көрдім. Машина маған қарай тыныш және ақырын жүрді. Кімнің жүргізіп жатқанына қарадым. Онда ол отырды - менің Пи Джейім. Бұл бала небәрі 11 жаста, бірақ ол кәсіби маман сияқты айдады".
Пи Джей әжесін үйіне аман-есен алып келді, онда оған қажетті медициналық көмек көрсетілді.
"Ол бордюрге тимеді, шөпке қарай жүрмеді, ондай ештеңе болған жоқ. Ол көлікті гаражға қойып, шығуға көмектесті", - деді баланың әжесі.
Анджеланың айтуынша, күйеуі Пи Джейге көлік жүргізуді үйретіп жүр. Алайда, бұл жолы немересі алғаш рет автокөлікті өзі жүргізген.

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
