100 жастағы кейуананы зорлаған жігітке сот үкімі шығарылды
Германияның Грайц қаласындағы сот ер жігітті 100 жастағы кейуананы зорлағаны үшін шартты жазаға кесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сотталған азамат медициналық қызметкер болып жұмыс атқарып келген. Ол жағдайы ауыр азаматтар мен қарт адамдарды қарайтын көрінеді. Қылмысты орындаған кезде оның жасы 18 жаста болыпты. Бозбалаға 100 жастағы қарияға қарайласып жүру табысталған. Бір күні ваннадан шыққан әжейді көрген жігіт оған тарпа бас салып, зорлық әрекеттерін орындаған.
Ер жігіт өзінің кінәсін мойындапты. Судья оның үш бап бойынша 22 айға бас бостандығынан шартты түрде айыру туралы үкім шығарған.
Бұған қоса ол 101 сағат бой қоғамдық жұмыстармен айналысуы қажет. Қазір жәбір көрген қария 101 жасқа толыпты. Қоғамдық жұмыстардың жартысы жәбірленушінің үйінде өтеді екен. Судьяны айтуынша, бұл жағдай қылмыскерге әсер етуі қажет.
Соттың үкімі қоғам наразылығын тудырған көрінеді. Тұрғындар 73 жастағы азаматты қоғамдық көлікте ақша төлемегені үшін түрмеге жабады, ал зорлаушыға қоғамдық жұмыс тағайындалады деп ашуланыпты.