Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Алик Айдарбаевқа іздеу жарияланды
Қазақстанның ММА федерациясы басшысы Алик Айдарбаевқа іздеу жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: kmg.kz
Бұл туралы федерация ұжымы өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында мәлімдеді.
"Қазақстанның Біріккен ММА федерациясының жаттықтырушылары мен спортшылары федерацияның қазіргі президенті Алик Айдарбаевты іздеуде. Алик Серікұлы, спортшылармен хабарласуыңызды сұраймыз!", – делінген жазбада.
Сонымен қатар, жазбаға федерация өкілдері мен аймақтық бөлімшелері пікір қалдырған.
"Біз федерация президентін таба алмай жатырмыз, ол байланысқа шықпайды. Оның басшылығы кезінде федерацияның 100 миллион теңгеден астам салықтық қарызы жиналып қалды”, – делінген пікірлердің бірінде.
Туризм және спорт министрлігі жағдайға қатысты кейінірек түсініктеме беруге уәде берді.
Еске салсақ, Алик Айдарбаев 2020 жылдың 20 ақпанында Қазақстан Біріккен ММА федерациясының басшысы болып сайланды. Алик Айдарбаев 2013-2017 жылдар аралығында Маңғыстау облысының әкімі, 2018-2022 жылдары "ҚазМұнайГаз" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған.