Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

100 мыңға жуық қазақстандық тұрғын үйді жалға алу үшін 80%-ға дейін субсидия алатын болды

100 мыңға жуық қазақстандық тұрғын үйді жалға алуға 80%-ға дейін субсидия алатын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстанда "Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы жеке тұрғын үй қорынан жалға алу ақысын субсидиялау жоспарлануда.

Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, мұндай қолдаумен 100 мыңға жуық азамат қамтылады.

"Кезекте тұрғандардың тұрғын үй мәселелерін жедел шешу үшін "Нұрлы жер" бағдарламасында жеке тұрғын үй қорынан жалдау ақысын 80% – ға дейінгі мөлшерде субсидиялау тетігін қарастыруды ұсынамыз", - деп хабарлады министр.


Атамқұлов жобаны іске асыру үшін "Нұрлы жер" бағдарламасында көзделген қаражатты жалға берілетін тұрғын үй құрылысына қайта бағыттау жоспарланғанын атап өтті: бұл шамамен 90 миллиард теңге (214 миллион доллар).

Бағдарламаны іске асырумен "Отбасы банк" айналысады.

Айта кетейік, күні кеше Тоқаев жолдауда жалға берілетін тұрғын үй құрылысына арналған қаражатты азаматтардың тұрғын үй мәселелерін жедел шешу үшін жалдау ақысын субсидиялауға да жұмсау керектігін айтты.

Талқылау