Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: Мұқтаждарға үй беру қолымыздан келмей ме?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұқтаж адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Тұрғын үй мәселесін шешуге өзінің мүмкінгі жетпейтін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетілетін болады. Осы жылдан бастап 5-10-25 бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. 390 млрд теңге қаражат бөлінді. Кезекте тұрғандардың тұрғын үй мәселесін жедел түрде шешу керек. Қазір әкімшіліктер ондай азаматтар үшін арнайы жалға берілетін үйлер салып жатыр. Бұл жүйеге өзгеріс енгізіп жатырмыз. 100 мыңға жуық отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болады. Бұл мәселені шешуді "Отбасы" банкіне табыстадым. Бұл банк "Тұрғын үй жинақ" банкі базасында құрылды", - дейді Тоқаев. 

Сонымен қатар, мемлекет басшысы "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында жасалып жатқан бірқатар шараларға тоқталды. 

"Жекеленген тұрғын үйлер салатын "Нұрлы жер" бағдарламасы да жүзеге асырылып келеді. Бұл көбінесе мемлекет аумағының қамтылу деңгейінің төмендігімен тікелей байланысты. Өйткені заң бойынша жер тек су және электр желілері қосылған жағдайда ғана қолдануға беріледі. Үй дегеніміз тек қана тұратын орын емес, сонымен қатар, ол экономияканың дамуына әсер ететін фактор", - дейді Тоқаев.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы депутаттарға тапсырма беріп, халықтың жағдайын жақсартуды міндеттеді.

"Үкімет пен әкімшіліктер жеке үйлерді байланыс желілерімен қамту мәселесін жеделдетуі керек. Депутаттардан осы мәселені шешуін сұраймын. Мұқтаждарға үй беру қолымыздан келмей ме? Халқымыздың жағдайын жақсатруға мүмкіндігіміз жоқ болғаны ма?" - дейді Тоқаев.

Естеріңізе сала кетейік, осыған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жолдау жасайтыны белгілі болған. 

Талқылау