Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пойыз жолсерігі мен бастығы ҚТЖ бақылаушысын соққыға жыққан (видео)

"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ бақылаушылары пойыздан 100 келіден астам рәсімделмеген жүк анықтаған. Осы үшін жолсерік пен пойыз бастығы тексерушіні соққыға жыққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

ҚТЖ пойыз бригадасын басқару жөніндегі бас менеджерлер Тараз – Шымкент учаскесінде "Маңғыстау – Алматы" бағытында жүретін № 77 жолаушылар пойызына тексеру жүргізген.



“Жолаушылар пойызы бастығының қатысуымен тексеру жүргізілді. Тексеру барысында Түрксіб станциясынан Шымкент станциясына дейін № 8/15892 вагонында жалпы салмағы 108 келі болатын тіркелмеген багаж тасымалданғаны анықталды”, – делінген хабарламада. 

Жүкті заңсыз тасымалдау фактілерінің анықталуына байланысты бақылаушы, жолсерік және оның басшысы арасында жанжал туындады.

"Тексеру кезінде жолсерік пен пойыз бастығы дөрекі сөздер айтып, пойыз бригадасының жұмысын бақылайтын қызметкерге күш қолданған. Қазір денсаулыққа жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Жолаушылар вагонының жолсерігі жұмыстан босатылды.

"Мүлдем төзбеушілік қағидаты бойынша шаралар қабылданды. Жолсеріктің еңбек шарты бұзылды", – делінген хабарламада. 

Көліктегі полиция басқармасы да ақпаратты растады.

Айта кетейік, бұған дейін Семейде блогер 25 жолсерікті екі жыл бойы бопсалап, ақша алып отырғаны туралы жазған едік. 

Талқылау