"10 ота нәтижесіз болса да, жанымда қалды": Елдос "Колобок" жұбайына алғыс білдірді
Танымал блогер, кәсіпкер Елдос Кәдірханов пен жұбайы Таңшолпан Шотаева үйленген күндерін атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/eldos_kalabok/
Блогердің айтуынша, отбасы болғандарына сегіз жыл толған.
“Біздің отбасымызға – 8 жыл. Уақыт деген аямай, зымырап өтіп жатыр. Көзді ашып-жұмғанша "Бүгін бізге 80 жыл болыпты" деп отырайық. Бақытты, ұзақ, мәнді, көңілді өмір сүрейікші. Отқа да, суға да қол ұстасып бірге. Жарқын болашаққа кеттік”, – деп жазды желі жұлдызы.
-
"11 мың теңге несиесін төлей алмады": Елдос "Колобок" анасының қиналған сәтін есіне алды
-
"Әкемді атып, досын бауыздап кетті": Елдос "Колобок" балалық шағын есіне алды
Сондай-ақ ол қиын сәтте жанынан табылған жарына ел алдында алғыс білдірді.
“Сөз салғанымда "жоқ" деп айтатын еді. Сол үшін алып қашып кеттім. Қазір енді кеш. Дегенмен бүгін біздің отауласқанымызға 2920 күн болған екен. Қатты жылағанда жұбатты. 10 шақты ауыр ота нәтижесіз аяқталғанда жанымда болды. Ақша жоқ кезде тастап кетпеді. Жеңісті де, жемісті күндерде қасымда қалды”, – деп жан сырын ақтарды блогер.
Еске салайық, "Досымның үшінші баласын алмадым" деген Елдос Кәдірханов не себепті бала асырап алғысы келмейтінін айтқан еді.