14 жастағы зілтемірші Қазақстан чемпионатында екі рекорд орнатты

Талдықорғанда өткен ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатында 14 жастағы Снежана Қашкарова екі бірдей ел рекордын жаңартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sportarena.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Текелілік 14 жастағы спортшы Снежана Қашкарова қазақстандық ауыр атлетикада жарқын нәтижелерімен көзге түсіп келеді.
Ол Талдықорғанда өткен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, 58 келіге дейінгі салмақта елдің жаңа рекордтарын орнатты. Серпе көтеру жаттығуында Қашкарова 115 келіні бағындырса, қос сайыс қорытындысында 203 келі нәтиже көрсетті.
Бұл көрсеткіштер оған Қазақстан рекордтарын жаңартып, елдегі ең болашағы зор спортшылардың бірі екенін тағы бір дәлелдеуге мүмкіндік берді.
"Әліби, өмір сүр!": Тоқалымен көңіл жарастырған жігітті кәсіпкер Қайрат Жамалиев қалай азаптады
Екі ер адамның арасындағы жанжалдың себебі – кәсіпкердің көңілдесі Айнұр Исина
Алматы мен оның маңында 70 мың ағаш құлады: 2011 жылғы жойқын дауылдың қандай салдарын қала әлі күнге дейін сезіп отыр
Медеу мен оған жақын шатқалдарда мұндай күшті дауыл соңғы 100–200 жылда тіркелмеген
Оқыңыз