Алматыда никаб киген бірнеше әйелді ертіп жүрген ер адамның видеосы желіде қызу талқыға түсті

Алматыда қоғамдық орында беттерін тұмшалап, никаб киген бірнеше әйелді ертіп жүрген ер адамның видеосы желіде қызу талқыға түсті. Полиция видеоға қатысты тексеріс жүргізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы полициясы әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында аталмыш видеоны анықтап, тексеріс жүргізген. Нәтижесінде ер адам мен беті тұмшаланған әйелдер бейнеленген видеоның қойылым түріндегі жарнамалық түсірілім екені белгілі болды.
"Видеоның қойылым сипатында екені және коммерциялық түсірілім аясында түсірілгені анықталды", – делінген Алматы қалалық полиция департаментінің хабарламасында.
ОқыңызСонымен қатар полиция кейбір видео кейіпкерлерінің әрекеттерінен әкімшілік құқық бұзушылық белгілері байқалғанын атап өтті.
"Қоғамдық орындарда бетті тануға кедергі келтіретін киім-кешек кию мәселесіне қатысты. Материалдарды қарау нәтижесінде кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға ескерту жасалды. Сондай-ақ олармен профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілді", — делінген полиция хабарламасында.
Полиция қоғамдық орындарда болу мақсатына қарамастан, заң талаптарын сақтау баршаға міндетті екенін еске салды.
Еске салсақ, 2025 жылдың желтоқсанында Тоқаев бет-жүзді толық жабатын маскаларға, балаклаваларға және никабтарға тыйым салуды көздейтін заңға қол қойған еді. Алғашқы құқықбұзушылық үшін ескерту беріледі. Қайталап жасалған жағдайда 10 АЕК (2026 жылы бұл – 43 250 теңгеге) айыппұл салынады. Діни киімдер, медициналық маскалар, суық мезгілде тағылатын шарфтар, сондай-ақ жұмыс барысында қолданылатын қорғаныш құралдарына тыйым салынбайды.
"Қазақ тілі тестінен өту қиын болып кеткен": Өзбекстаннан келген қандастар азаматтық бермей жатқанына шағымданды