Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үйде отыр дейді: Аша күйеуі Арманның талабын неге орындамай жүр

“Қалаулым” бағдарламасының жүргізушісі атанғалы Аша Матайға қарсы пікір айтушылар көп. Әсіресе, кішкентай қызы болғандықтан, жұрт эфирден түспейтін әрі үнемі сауық-сайран ортасында жүретін Ашаны түсінбей дал. Арман Қоңырбаев болса жарына шарт қойғанымен, оның орындалуын қатаң талап етпейтін көрінеді.

Аша Матай

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Алайда Аша эфир тізгінін ұстау бала тәрбиесіне қолбайлау бола алмайтынын айтады. Әсіресе, қазір. Себебі тележүргізуші осыдан бірер күн бұрын қызы Асылымды бала-бақшаға берген екен.

“Балапанымызға ұнап жатыр. Бірақ өзі үлкен кісілермен ойнап үйренген. Сондықтан балалармен ойнау керектігін түсінбейді. Балалар ойыншығын тартып алса ұрыспайды, жылап қалады. Ал егер сұраса, өздігінен бере салады. Өзі мейірімді”, – дейді Аша.

Ал жұбайының жұмыс істеп жүргеніне қатысты Арман Қоңырбаев былай деп пікір білдірді:

“Қазіргі заманда әйел адам бәріне үлгеру керек деп ойлаймын. Бұл – Ашаның өз таңдауы. Мен Ашаға: “Үйде отыр, бала қара”, – деп айтқанмын. Бірақ үйленген кезде жұмысына шектеу қоймаймын деп уәде бергенмін. Кейбір жұмыстарға рұқсат бермедім. Бірақ тележүргізуші ретінде қолдаймын. Өзім уәде бергендіктен, жібердім жұмысқа. Балаға да үлгеріп жатыр. Бірақ қазір де айтып жүрмін, демалсайшы, үйде отыр деген секілді”.

Ашаның айтуынша, Арманның қатаң талаптар қоюы – оның өзімшілдігінен емес. Отағасы, бірінші кезекті Ашаның денсаулығы үшін алаңдайтын көрінеді.

“Шынымен де мені қатты аяйтыны бар. Уайымдайды, анаған да жүгіресің, мынаған да жүгіресің, ұйқың қанбайды деп. Өзіңнің арманың, бірақ мүмкін өзіңнің денсаулығыңа қарайсың, әйел затына жақсы ұйықтау керек, денсаулығын, бетін күту керек. Тағы да нәресте дүниеге әкелу керек. Сондықтан нағыз ер азамат ретінде уайымдайды”, – дейді Аша.

Тағы оқыңыз: 

“Т” әрпінен емес: Төреғалидің үшінші қызына қандай есім бергені белгілі болды

Аша Матай “Қалаулымның” мерекелік күнгі эфирінде ұятқа қалды (видео)

Вампирлер жанұясы: Роза Рымбаеваның отбасылық суреті желідегілерді шошытты

Бүкіл әлем қарсы тұрса да: “Меломен” тобы Ninety one мен Байзақовадан кешірім сұрамайтындарын айтты

 

Талқылау