"Жыр жауһары": Ақтөбеде жас ақындардың республикалық поэтикалық дуэлі өтті
4 қыркүйек күні Ақтөбе қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне орай "Анаға тағзым" ғимаратында республикалық "Жыр жауһары" поэтикалық дуэлі өтті.
Жыр додасына 10 жас жазба ақын қатысып, өздерінің ақындық шеберліктері мен шығармашылық қарым-қабілеттерін ортаға салды. Байқаудың ерекшелігі – Орал, Алматы және Қызылорда қалаларынан арнайы келген жас ақындардың қатысуы.
Поэтикалық дуэль екі кезеңнен тұрды:
І кезең – "Жыр жауһары"
Қатысушылар тіл тақырыбында немесе Ақтөбе қаласына арналған бір өлең және еркін тақырыпта бір өлең оқыды. Қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған 6 ақын келесі кезеңге жолдама алды.
ІІ кезең – "Көңіл дәптері"

Нәтижесінде:
- І орын – Піржан Сандыбай (Алматы);
- ІІ орын – Тәуекелов Нұрсерік (Ақтөбе) және Санақұл Бексұлтан (Қызылорда);
- ІІІ орын – Дәурен Шамұратов (Орал);
- Арнайы жүлде – Жанкеева Жанерке (Ақтөбе).

"Қаламақымызды ала алмай отырмыз": Ақындар мен композиторлар Қазақстан авторлық қоғамына қарсы шықты
Олар бұл жағдайдың авторлардың табысына тікелей әсер етіп отырғанын айтты
Кофе мен энергетиктің айырмашылығы неде? Сарапшы маңызды кеңес берді
Энергетик ішкен дұрыс па, әлде кофе ме? Сарапшы жауабын айтты