Өзбекстан тұрғыны көпқабатты үйдің жертөлесінде акула өсірген

Фото: видеодан скриншот
Өзбекстанның Ферғана қаласында көпқабатты үйдің жертөлесіне бассейн орнатып, акула өсірген тұрғын анықталды. Бұл туралы Ферғана облысының құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы бақылау жөніндегі аумақтық инспекциясы мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тексеру кезінде Ферғана қаласындағы "Мурувват" махалласы, Ферғана көшесі, 78-үйдің жертөлесінде қолдан жасалған бассейн бары анықталған. Оны осы үйдегі пәтерлердің бірінің иесі орнатқан.
"Пәтер иесі көпқабатты үйдің жертөлесіне заң талаптарын бұза отырып, қолдан бассейн орнатқан. Онда балық, оның ішінде акула өсірілгені анықталды. Тұрғынға әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ жертөлені 15 күн ішінде босатып, бастапқы қалпына келтіру туралы жазбаша нұсқама берілді", – делінген инспекция мәлімдемесінде.


Бұдан бөлек, тексеру кезінде тұрғынның ауызсуды өз бетінше пайдаланғаны белгілі болды. Бұл дерек бойынша да тиісті хаттама толтырылды.
Инспекция көпқабатты үйлердің ортақ аумағын, соның ішінде жертөлені заңда белгіленген талаптарға қайшы пайдалануға болмайтынын ескертті.
"Қаламақымызды ала алмай отырмыз": Ақындар мен композиторлар Қазақстан авторлық қоғамына қарсы шықты