Есірткі қолданғаны үшін сотталған рэпер Qarakesek тағы ел назарына ілікті
Қазақстандық танымал рэп орындаушы Омар Амантаевтың клубтардың бірінде ән орындап тұрған видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
5 қыркүйекте Ақтөбедегі клубтардың бірінде рэпер өнер көрсетуге тиіс болған. Кейін сол кештен түсірілген видео желіге шықты.
Кадрларда Qarakesek екі капюшонын басына киіп, бетін жауып алған күйде сахнада теңселіп жүргенін көруге болады. Ол “Сүйікті етші” әнін орындау кезінде фонограммаға ілесе алмай, бөлек айтып тұр. Рэпердің тыңдармандарға теріс қарап тұрып, ән орындағанын көруге болады.
Еске салайық, былтыр 4 қыркүйекте Ақтөбе қаласында 31 жастағы рэп-орындаушы есірткіге масаң күйінде көлік жүргізіп отырған жерінен ұсталған еді. Амантаев 15 тәулікке қамауға алынды. Сондай-ақ ол 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Бұған қоса, есірткі заттарын заңсыз қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Омар Амантаевтың кінәсі дәлелденсе, әншіге 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынуы немесе 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін. Сонымен қатар 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы да қарастырылған.
Рэп-орындаушы Qarakesek сотқа мәжбүрлі түрде жеткізілді. Биыл 19 ақпанда сот рэперді психотроптық затты сату мақсатынсыз заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп танып, 100 сағат қоғамдық жұмыс жазасын тағайындады және есірткіге тәуелділіктен мәжбүрлі ем қолдану туралы шешім шығарды.

"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
