Димаш Құдайберген өнер көрсеткен: Желіде блогер Damelya Sweet-тің үйлену тойынан кадрлар тарады
Желіде Damelya Sweet лақап атымен танылған блогер Дәмелі Бектұрсынованың үйлену тойынан жаңа кадрлар тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жас жұбайлардың қуанышына белгілі кәсіпкер Кеңес Рақышев пен оның жұбайы Әсел Тасмағамбетова, сондай-ақ бизнес және қоғам саласының бірқатар өкілі ортақтасқан.
Тойдың ерекше сәттерінің бірі – Димаш Құдайбергеннің өнер көрсетуі болды. Әлемге танылған қазақстандық әнші жас жұбайлардың қуанышына ортақтасып, той төрінде ән шырқады. Сондай-ақ кеш барысында “А’Студио” тобы да сахнаға шыққан.

Кеште Дәмелінің өзі де ән шырқаған. Блогер жұбайына Алла Пугачеваның “Любовь, похожая на сон” әнін арнап орындап, сезімін жеткізген.
Еске салайық, бұған дейін Дәмелінің ұзату тойынан кадрлар желіде тараған еді. Ұзату тойы Шымкентте өтсе, үйлену тойы Алматыда ұйымдастырылған.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, блогердің жұбайының есімі – Мұрат. Кейінгі уақытта блогер көпшілік назарынан алыстап, әлеуметтік желідегі парақшаларын өшірген еді. Ол мұндай шешімге не себеп болғанын ашық түсіндірмеген.
Айта кетейік, Дәмелі Бектұрсынова 2000 жылы дүниеге келген, Шымкент қаласының тумасы. Ол әлеуметтік желіде lifestyle-контенті, сәнді образдары, саяхаттары және қазақы нақыштағы жарияланымдары арқылы танылды. Сонымен қатар кәсіпкерлікпен айналысып, әншілік және актерлік қырынан да көрініп жүр.
"Қаламақымызды ала алмай отырмыз": Ақындар мен композиторлар Қазақстан авторлық қоғамына қарсы шықты
