Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар жұмыс берушінің зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді аударғанын қалай көре алады

Қазақстандықтар смартфон арқылы жұмыс берушінің жалақы, табыс салығы, медициналық сақтандыру аударымдары мен әлеуметтік төлемдерін аударып-аудармағанын қалай тексеруге болады? Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

телефон 

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаменті (МКД) қызметкерге есептелген жеке табыс салығының, зейнетақы жарналарының, міндетті әлеуметтік аударымдардың және медициналық сақтандыруға әлеуметтік аударымдардың сомаларын қарауға мүмкіндік беретін e-Salyq Azamat мобильдік қосымшасындағы "қызметкердің еңбегіне ақы төлеу" жаңа сервисі іске қосылады.

Қазіргі уақытта сервис 2020 жылдың барлық кезеңдерінде қолжетімді.



“Егер электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен кірсе немесе SMS-құпиясөзді пайдалана отырып авторландыру кезінде жүзеге асырылса, деректер қолжетімді болады. SMS мобильді азаматтар базасында (ХҚКО) тіркелген ұялы телефон нөміріне түседі”, – Маңғыстау облысы бойынша МКД баспасөз қызметі.

Деректерді қарау үшін "салық әмияны", "қызметкердің еңбегіне ақы төлеу" қосымша бетін таңдап, ары қарай жыл мен кезеңді таңдау қажет.

Деректерді жұмыс берушілері жалпыға бірдей белгіленген режимді немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар қарай алады.

Мәліметтер болмаған немесе деректер сәйкес келмеген кезде салық есептілігін түзету үшін жұмыс берушіге жүгіну қажет.

Талқылау