Жүзден аса бала жылан табылған тамақты жеп уланып қалды
Фото: pixabay.com
Үндістанның Мокама қаласында мектепте берілетін тегін тамақты жеген жүзден аса бала уланып қалды. Анықталғандай аспаз тамақтан жылан тауып алса да, бауырмен жорғалаушының өлексесін алып тастап, тамақты балаларға берген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Адам құқығы бойынша ұлттық комиссия мәліметінше, аталған жайттан соң 100-ден аса баланың уланғаны анықталған. Ал жергілікті тұрғындар наразылық білдіріп, жолды жауып тастады.
Комиссия дерегіне сәйкес балалардың басы айналып, жүрегі айныған.
Тұрғындар Бихар штатының басшылығынан екі аптаның ішінде "толыққанды есеп беруін" талап етті. Есепте "балалардың жағдайы жайлы ақпарат та" болуы қажет дейді.
Үндістанда кедей отбасыдан шыққан балаларға тегін тамақ беру 1925 жылы басталды. Алайда соңғы уақытта тамақ беру кезіндегі гигиенаның төмендеп кетуіне қатысты шағым көбейген.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілі әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”