Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Жүздеген бай қазақстандық Ұлыбританияның "алтын визасынан" айырылуы мүмкін

Ұлыбритания билігі бірнеше аптаның ішінде "алтын виза" бағдарламасын алып тастауға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Financial Times газетіне сілтеме жасап.

Аталған бағдарлама шарттарына сәйкес, елге 2 млн фунт стерлинг (2,7 млн доллар немесе 1,1 млрд теңге) құйған адамдар Ұлыбританияда үш жыл өмір сүру құқығына ие бола алады. Кейін бұл мерзімді тағы екі жылға ұзарта алады. 

FT басылымының хабарлауынша, ішкі істер министрлігі "алтын виза" жүйесін заңсыз табыстарын сыртқа шығарғысы келетін шетелдік азаматтар қолданады деп қорқады. 


"15 жасымда Ұлыбританияға барып, 16 жасымда жұмыс істей бастадым": Қазақстандық Ұлыбританияда өз кәсібін қалай бастағаны туралы айтып берді


2021 жылдың жазында Tribune India басылымы Ұлыбританияның жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің есебіне жүгініп, 2008-2020 жылдары аралығында артықшылықтарға ие визаны көптеген бай шетелдіктердің алғанын жазды. Бірінші орында - Қытай елі. 

1.Қытай - 4 106
2.Ресей - 2 526
3.Гонконг - 692
4.АҚШ - 685
5.Пәкістан - 283
6.Қазақстан - 278
7.Үндістан - 254

РИА Новости басылымының хабарлауынша, "Алтын виза" бағдарламасына қатысты сұрақтар Ұлыбританияда Скрипальдардың улануынан кейін туды. 2018 жылы ресейлік барлаушы Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлияның белгісіз затпен уланғаны анықталған еді. 

Назгүл Әбушәріпқызы
Бейсенбі, 17 Ақпан, 2022 12:28
Талқылау