Жұрт жетім балалардың көңілін көтерген Ернар Айдарға риза болды (видео)
Әнші Ернар Айдар жетім балалардың көңілін көцтерді. Ол әр түрлі дертпен ауыратын балалармен бірге ән салып, би биледі.
Әншімен бірге ән айтып, би билеген балалардың көңіл күйі көтеріңкі. Тіпті, мүгедектер арбасында отырған қыз беріле биледі. Желі қолданушылары оның аяғынан тұра алмаса да нағыз биші екенін айтып жатыр.
“Жетімнің басынан сипап сауапқа кенелейік. Осы балапандарға тілек жаудырыңыздаршы. “, – деп жазды Ернар Айдар желідегі парақшасында.
Көпшілік науқас балалардың көңілін көтеріп, жақсылық жасаған әншіге ыстық ықыласын жеткізді.
“Қандай керемет, осындай əншілер көп болса ғой, сауап істеп балалардың көңілін көтеріп жүрген Ернардан үлгі алса екен өзгелер”, “Көңілдерін көтеріп алғысқа бөленіпсіз… Аллам жар болсын!” деп жазды пікір білдірушілер.
Тағы да оқыңыз:
Мақпал Жүнісова “Зың-зың” әнінің авторынан кешірім сұрады
Мәдениет қайраткері: Тұрсынбек Қабатовтың өзі қазақтың тілін мазақтап тұрғанына парасаты жетпей ме?
Егіз қыздардың әкесі атанған әнші Айбар достарымен бірге жарын перзентханадан шығарып алды (видео)