Жүрсін Ерман әлемге әйгілі шетелдік құдасына шапан кигізіп, ат мінгізді
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус Қазақстанға қыдырып келді. Әлеуметтік желіде ДДСҰ басшысының шапан киіп, атқа мінген видеосы тарады. Оған мұндай құрметті Қазақстанда тұратын құдалары көрсеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желіде тараған видеодан Гебрейесустың тау бөктерінде өткен арнайы мерекеге қатысқанын көруге болады. Онда ДДСҰ басшысына арналып түрлі ұлттық ойындар ойнатылып, домбырашылар күй шерткен. Одан бөлек, Гебрейесустың ат үстінде шапан киіп отырғанын көруге болады.
Мерекелік шараға Алтынбек Қоразбаев, Асанәлі Әшімов сынды ел ағалары да қатысқан.
@emmanuel_tag #almatykazakhstan🇰🇿 #family #tigraytiktok ♬ original sound - Emmanuel TAG
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"