Қазақстандағы ақылы жолдарға жүргізушілер ұйықтап кетпейтіндей лазерлі жарықтар орнатып жатыр

ҚазАвтоЖол Қазақстандағы 22 ақылы жол учаскесінде лазерлік визуалды бағдарлау жүйесін орнатылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
Министрліктің мәліметінше өзгеріс жасалып жатқандар қатарында:
- Астана – Щучинск,
- Алматы – Хоргос,
- Шымкент – Тараз,
- Орал – Ресей шекарасы сияқты стратегиялық маңызды бағыттар бар.
Бұл жүйе негізінен түнде немесе көрініс нашар болғанда жолдағы қауіпсіздікті арттыруға арналған.
Лазерлік құрылғылар жүргізуші көретін жолға жарық сызықтар шығарып, қозғалысты дұрыс бағдарлауға көмектеседі. Бұл жылдамдық пен жол бағытын сақтау, жолда ұйқыға кетуден сақтану, назарды сақтау және жолды жақсы көру мүмкіндігін береді.
“Жүйе әсіресе ұзын жолдарда тиімді, онда дәстүрлі жол белгілері кейде көрінбей қалуы мүмкін. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, лазерлік сигналдарға жүргізушілер жылдам жауап береді, ал жол апаттары 40–50% азаюы мүмкін. Қазақстандағы ақылы жол пайдаланушылары да бұл құрылғыларды жақсы бағалауда”, – деді компания.
Апатты, асханасыз, спортзалсыз мектептер: Қазақстандық ауыл оқушылары қандай мектептерде оқып жүр?
Тұрғынның сөзінше, мектептің қабырғалары жарылып, едені шіріп кеткен, жауын-шашынды күндері төбеден су ағады
"Жүрегім Қазақстан деп соғады": Елімізді ұнатып қалған үндістандық боксшы енді Қазақстан атынан сынға түспек
Қазақстан оған тек спорттық мүмкіндік берген мекен емес, жүрегіне жақын елге айналған