Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды: Алматыда Volkswagen бағанға соғылып қалған
Алматыда Volkswagen бағанға соғылып, көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Территория происшествий" бағдарламасына сілтеме жасап.

Алматыда Volkswagen автокөлігі бағанға соғылып, темір-терсекке айналған. Ауыр жол апаты 24 тамыз таң ата орын алды.
Қаладағы Райымбек және Емцов көшелерінің қиылысқан жерінде соқтығыс болған. Түсініксіз себептермен Volkswagen автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, түзу келе жатқан жерінде бағанаға соғылған.
Қатты жарақаттардан 1994 жылғы көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Volkswagen көлігінде отырған тағы бір жолаушы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.
"Миллиондар жоғалттым": Қазақстандықтар трейдингпен айналысамын деп сан соғып қалғандарын айтты
"500 мың теңгеге курс алып, бүкіл депозитімнен айырылдым"
"Жұмыстан шығаруға негіз емес": Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер