"Жүрегім бос": Нұрбек Оралбай отбасын құруға қатысты пікір білдірді
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, боксшы Нұрбек Оралбай шаңырақ көтеруге қатысты ойын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/oralbay_nurbek/
БАҚ өкілдері споршыдан ендігі жоспары мен жеке өміріне қатысты сұрақ қойды. Анасы биыл ұлдарын үйлендіргісі келетінін айтқан еді.
“Менің қызым да, сөз байласқан қалыңдағым да жоқ. Жүрегім бос”, – деп жауап берді боксшы.
-
Олимпиада жүлдегерлері Нұрбек Оралбай мен Назым Қызайбай елге оралды
-
Жалғыз финалист: Нұрбек Оралбай бокстан Олимпиада ойындарында күміс жүлдеге ие болды
Сонымен қатар отбасын құру келесі жарысқа дайындалуға кедергі емес екенін де жасырмады.
“Келесі Олимпиадаға дейін төрт жыл бар, біз дайындаламыз, бірақ биыл той болатын шығар", – деді спортшы.
Айта кетсек, Қазақстан екінші олимпиада қатарынан бокстан алтын медалсіз қалды. Еліміз Олимпиада ойындарынан 1996 жылдан бері алтын медальсіз оралмаған. 2021 жылы Токиода өткен Олимпиадада алтын алмау дәстүрі бұзылып, тек екі қола медаль ғана еншілеген едік.