Жүк көлігі Алматы облысындағы тауында шатқалға құлап кетті: Бір кісі қаза тапты
Алматы облысының тауында жантүршігерлік оқиға болды. Екі адам мінген жүк көлігі терең шатқалға құлап кеткен, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме беріп Stan.kz.

Жол апатынан 53 жастағы көлік жүргізуші қайтыс болды. 32 жастағы жолаушы дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Құтқарушылар мен еріктілердің күшімен марқұмның денесі шатқалдан шығарылды.
“9 сәуір күні сағат 15:30-да Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Ескелді ауданында Черкасай шатқалында "Газ-66" автокөлігі тау жолынан шатқалға аударылып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға салдарынан 1969 жылы туған ер адам оқиға орнында қаза тауып, тағы бір 1990 жылы туған ер адам зардап шекті”, – деп түсіндірді ТЖД.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"