Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұбайы Тұңғышбай Жаманқұловтың денсаулығы туралы айтты

Алматыда халық артисі Тұңғышбай Жаманқұловқа қатысты сот отырысы жалғасуда. “Феникс” фильмінің түсіріліміне бөлінген қаржыны қолды қылды деп айыпталған Жаманқұлов кешегі сотқа келе алмады.

20161103112751

Бұл туралы  31 арна хабарлады.

Әлеуметтік желілер мен ақпарат құралдарында таралған “ол өзіне тағылған айыптарды мойындады” деген жалған ақпарат оның денсаулығын күрт нашарлатып жіберіпті. Бұны іс басталғалы тұңғыш рет 31 арнаға сұқбат берген, Жаманқұловтың жары Дария Жүсіп айтып отыр.

“Біз бір айдың ішінде 8 рет жедел жәрдем шақырттық. Осының бәріне шыдап келе жатты ол кісі. Түнде сағат үште қатты қиналды. Жедел жәрдем шақыртқан жоқ, “Дария, шақырмашы, барғым келмейді, ертең сот, сотқа барамын” деген әңгіме болды. Бірақ түске қарай шыдай алмады, шақырдық”, – дейді Жаманқұловтың жары Дария Жүсіп.

Алты айдан бері азапты күндер өтуде деген актердың жары Дария Жүсіп тілшілермен тұңғыш тілдесті. 17 сәуірдегі сот отырысынан кейін өзін жайсыз сезінген Тұңғышбай Жамақұловтың жүрегі сыр берген. Оған желілерде жазылған жалған ақпарат та себеп болған екен. Ал Халық артисінің толық ақталып шығуына дәлел аз дейді қорғаушылар.

“Қазіргі таңда сот шешімі шығады, сот шешімі бәрін анықтайды. Бірақ дәл қазір жеткілікті дәлелдемелер өте аз іс бойынша”, – дейді қорғаушы Бақыткүл Қадырбекова.

Жаманқұловтың қорғаушылары жалған дерек таратқан ақпарат құралдарын заң алдында жауапқа тартуға ниетті. Ал айыптау актісі бойынша Тұңғышбай Жаманқұлов қылмыстық әрекетті бірнеше адаммен бірігіп жүзеге асырды делінген.

Фильм түсіріліміне бөлінген 79 миллион теңгенің 69 миллионы қолды болыпты. Бұл іс бойынша жалпы саны 9 адам жауапқа тартылған. Ал төзімді болуды үйрендім деген Халық артисінің жары оның кінәсіздігіне сенімді.

“Тазалықпен, шындықпен қарайтын болса, Тұңғышбай Қадыровичтің еш айыбы жоқ. Оны бүкіл халық біледі, қасындағы адамдар, жоғарыдағы адамдар. Бірақ неге мән бермей отырғаны маған үлкен құпия”, – дейді Дария Жүсіп.

Айыптау актісімен танысқаннан кейін денсаулығы күрт нашарлаған Халық артисі Тұңғышбай Жаманқұлов қалалық кардиологиялық орталықта жатыр. Ал кешегі сот отырысына негізгі айыпталушылардың бірі саналатын Тұңғышбай Жаманқұловтың денсаулығына байланысты қатыса алмау себебінен судья сот отырысын 27 сәуірге белгіледі.

Жіберіп алмаңыз:

Енді қазақстандықтар Димашты тек ғаламтордан көруі мүмкін

Меруерт Түсіпбаева су тасқынынан зардап шеккен ақтөбелік қызға көмектеспек

Баян Мақсатқызы той көйлегін таңдады (фото)

Анасы Қытай заңына сай осы күнге дейін Димашқа салынған тыйымдар жайлы айтты

Талқылау