ЖОО студенттері қалай оқиды: Министрлік түсіндірді
ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов екінші семестрде жоғарғы оқу орнының студенттері қалай оқитыны туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ведомствоаралық комиссияның шешімімен ЖОО-ның бірінші курс студенттері дәстүрлі форматта оқитын болады. Екінші, үшінші, төртінші курс студенттері онлайн форматта оқуларын жалғастырады. Қазіргі таңда 140 мыңға жуық бірінші курс студенті бар", - дейді Дәуленов.
Вице-министрдің сөзінше, ЖОО-лар пандемия жағдайында студенттерді қабылдауға дайын екенін айтты. Барлық санитарлық талаптар сақталатын болады.
"ЖОО-лар осы формат бойынша студент қабылдауға дайын. Аудиториялар 40 пайызға ғана толы болады. Бір студентке бес шаршы метр жер қарастырылады. Жатақханалар да студенттерді қабылдайтын болады. ЖОО-лар дайындық жұмыстарын бір ай бұрын бастаған болатын", - дейді вице-министр.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды