"ЖОО-ға түсуге көмектеседі": Жаңаөзенде алаяқтық жасады деген келіншек ұсталды
Маңғыстау облысының криминалдық полиция қызметкерлері жоғары оқу орындарына түсуге көмектесу үшін ақша ұсынып, алаяқтық жасады деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті екі адамды алдап үлгерген.
"Жоғары оқу орнына түсуге көмектесемін деген желеумен алаяқтық жолмен Теңге ауылының тұрғынынан 152 мың теңгені ($ 356) жымқырды. Кейінірек ол дәл осындай алаяқтық фактісін жасады. Бұл жолы ол 42 500 теңге алған”, – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция алаяқтық жасаған әйелді тез арада ұстады. Алғашқы жауап алу кезінде ол өз кінәсін мойындады.
Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы – "Бірнеше рет жасалған алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Әйел үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған