"Жөндеу жұмыстары бойынша жалған актіге қол қойған": Оралда жұмыспен қамту орталығының директоры ақша жымқырды деп сотқа тартылды
Оралдың “жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өмірлік қиын жағдайға қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығы" директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Батыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өмірлік қиын жағдайға қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған ортылығы" КММ-нің директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
“Ол электр жабдықтарын жөндеу жұмыстары бойынша жалған актілерге қол қойып, еңбек қызметін іс жүзінде орындамаған адамдарға жалақы есептеген. Сол себепті 2024 жылғы ақпан мен желтоқсан аралығында жалпы сомасы 11,5 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталып жатыр”, – делінген хабарламада.
Айыпталушы сотқа тартылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпаратты жария етуден бас тартты.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"