Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көмектесіңдер" деген дауыс естілді": Алматыда көз жұмған 34 жастағы әйел мен балалары туралы көршілері айтты

Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінен мәйіті табылған 34 жастағы әйел мен оның екі баласының өлімі қасақана жасалған болуы мүмкін. Қалалық прокуратура олардың денесінде зорлық-зомбылық іздері болғанын анықтаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме беріп.

Сарбасова Айнұр, марқұмның көршісі

“Марқұм 34 жастағы әйел мен оның 2015 және 2020 жылы туған балаларының денесінде зорлық белгілері табылды. Полиция департаменті адам өлтіру дерегі бойынша соталды тергеуді бастады, оның аясында тергеу және жедел-іздестіру шараларының толық кешені жүргізіліп жатыр”, – делінді қалалық прокуратура мәліметінде.

Тиісті сараптамалар тағайындалып, бейнематериалдар зерделеніп, куәгерлерден жауап алынады. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес соталды тергеудің өзге деректері жария етілмейді.

Анасы мен балалардың денесі бүгін жер қойнына тапсырылды. Ал қайғылы оқиға болған пәтер қазір жабық тұр. Есік мөрленген. Көршілері болған жағдайдан ес жия алар емес.

“Естігенде аң-таң болдық. Әйелді сырттай білетінмін. Оқыс қылығын көрмедім. Екі баласы да осы жерде ойнап жүретін. Жолдасы келгенде пәтердің есігі іштен кілттеніп тұрған. Бұзып ашып, мәйіттерді көрген”, – дейді көршісі Сарбасова Айнұр.

Тағы бір көршісі айқай-шу естігенін айтады. 

“6-сы күні таңғы 7:30 шамасында балама тамақ беріп жатқанымда айқай естідім. Бір әйел «көмектесіңдер» деп айқайлағандай болды. Терезеге жақындап, дауыстың қайдан шығып жатқанын тыңдағым келді. Терезеге жақындап тұрған басқа көршілерімді көрдім. Содан кейін дауыс естілмей қалды. Сосын бала жылай бастады. Тарс-тұрс еткен дыбыс естілді. Айқай шамасы 10 секундқа созылды”, – дейді тағы бір көршісі Әйгерім Мырзабекова Еуразия бірінші арнасына.


Түркістан облысында сәбидің жүрегіне ота жасалғаннан кейін құлағы түсіп қалған 


 

Талқылау