Әуеде 10 сағат бойы ұшып келе жатқан ұшақ толып қалған дәретханаларға байланысты кері қайтарылды
Air India әуе компаниясының Чикагодан Делиге бағыт алған Boeing 777-300ER ұшағы әуеде шамамен 10 сағат ұшқаннан кейін Чикаго әуежайына оралуға мәжбүр болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: kp.ru
2025 жылдың 5 наурызында Чикагодан Делиге бағыт алған Boeing 777-300ER ұшағы әуеде шамамен 10 сағат ұшқаннан кейін Чикаго әуежайына оралуға мәжбүр болды. Бұл шешім ұшақтағы 12 дәретхананың 11-і істен шығып, тек бизнес-класстағы бір дәретхана ғана жұмыс істеп тұрғандықтан қабылданды.
Ұшақ шамамен 300 жолаушымен бірге ұшып, Канада мен Гренландия үстімен өткеннен кейін, дәретханалардың істен шығуына байланысты командир кері қайту туралы шешім қабылдады. Авиакомпания бұл жағдайды "техникалық ақау" деп атап, жолаушыларға толық қайтарым мен тегін қайта брондау мүмкіндігін ұсынды.
Фото: kp.ru
Азаматтық авиация саласының мамандары барлық дәретхананың бір уақытта істен шығуы сирек кездесетін жағдай екенін және бұл ұшақтарды техникалық қызмет көрсету мәселелерін көрсететінін атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін FlyArystan бортында жолаушының рюкзагы өртеніп, ұшақ қайта қонғанын жазған едік. Өртті авиакомпанияның борт серіктері тез сөндірді. Бортта 182 жолаушы болған. Ұшақ ұшу пунктіне оралды. Қону штаттық режимде орындалды.