Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Смайыловтың кезінде үкіметтің 1,1 миллиард долларды тиімсіз пайдаланғаны анықталды

Жоғары аудиторлық палата 2023 жылы 489 млрд теңге (1,1 млрд доллар) көлемінде бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылғанын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: istockphoto.com

Бұл туралы палатаның үкіметтің 2023 жылғы республикалық бюджеттің игерілуі туралы есебіне берген қорытындысында айтылған. 

"Үкімет деректері мен барлық мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізген тексерулердің нәтижелері бойынша тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 16%-ға ұлғайып, 489 млрд теңгені құрады", – делінген палата ұсынған құжатта.


Жоғарғы аудиторлық палата Назарбаев зияткерлік мектептерінің бюджетін тексерді

Сенатор "Қазавтожолдың" бюджет қаражатын тиімді пайдаланатынына күмән келтірді


Сонымен қатар палата республикалық бюджеттің атқарылуын кейінгі бағалау нәтижелері бойынша жалпы соммасы 537 млрд теңге болатын бюджеттік бағдарламаларды тиімсіз басқару деректерін анықтаған.

Аудиторлық бұл жағдайлардың республикалық бюджеттен қаржы бөлу кезінде тиімсіз тәуекелдерге әкеп соқтыратыны атап өтті. 

Еске салсақ, бұған дейін Павлодарда шенеуніктердің бюджеттен 600 миллион теңге жымқырғаны туралы жазған едік. 

Талқылау