Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жоғалып кетіп Шымкенттен табылған студент жігіт не болғанын есіне түсіре алмауда

1 маусым күні Алматыда жоғалып кеткен Арман Нұржанұлы 28 маусым күні Шымкенттен табылған еді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Bezymyannyy-19-1-1

Арманды тапқан кезде ол өзінің есімі мен қай жақтың тумасы екенін ғана айта алған. Арман қатты күйзеліске түсіп кеткендіктен не болғанын айтып бере алар емес.

“Біз Арманды әлдекімдер күштеп ұстады ма деп ойлаймыз. Не болғаны белгісіз. Қазір Арман Талдықорғанда емделіп, психологтардың қарауында жатыр”, – дейді Арманның ағасы Біржан Сағымбеков.

Полицейлер тергеу жүргізіп жатыр.

22 жастағы алматылық студент диплом қорғар алдында жоғалып кеткен болатын. Грантта оқып, емтихандарын жақсы бағаға тапсырған студентті іздеуге  40-тан астам полицей мен еріктілер жұмылдырылған. Ол 28 маусым күні Шымкенттен табылды.

Тағы да оқыңыз:

Көпшілік Алматыда болған төбелесте қашып жүрген полицейді табалады (видео)

Дәрігерлердің салғырттығынан бір көзі соқыр болып қалған үшемнің сыңары көре бастады

Қасақана адамның көзін дәлдеп атқан ақтаулыққа сот үкімі шықты

Талқылау