Жоба құны қымбат: Қызылордада жаңа әуежай салынбайтын болды
Қызылордада жаңа әуежай салынбайды, оның орнына ескі әуежай қайта жөнделеді. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Облыс әкімі бұл мәселенің өте өзекті екенін атап өтті.
"Себебі ұшып келген барлық қонақтар бірінші кезекте әуежайды көреді. Бұл мәселе бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Үлкен жоба болды, бірақ ол өте қымбат – 18 млрд теңге. Осы дағдарыс кезеңінде одан бас тарттық. Түркістанда, бізге жақын жерде үлкен әуежай салынды. Байқоңырда да әуежай бар. Осыны ескере отырып, біз жұмыс істеп тұрған әуежайды кеңейтіп, қайта құруды ұйғардық", – деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Оның айтуынша, қазір әуежайды қайта құру үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. ЖСҚ келесі жылдың басына дайын болуы тиіс.
"Құны қолайлы - шамамен 1,5 млрд теңге. Біз стандарттарды жасаймыз: таспада жүк қабылдау, тіркеу, күту мәселелерін ұйымдастыру және т.б.", - деді облыс әкімі.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі