"Жігітімнің орнына інісі келді": Жеңіс Ысқақова жолдасымен қалай танысқанын айтып берді
ҚР еңбек сіңірген әртісі, әнші Жеңіс Ысқақова жастық шағын есіне алып, жігітімен кездесуге шыққан сәтіндегі қызық оқиғасын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/zhenisiskakova/
Өнер иесі кездесуге жігітінің орнына інісі келгенін айтып, елді күлдірді.
“Зымырап жатқан уақыт-ай. Сонау тоқсаныншы жылдардың басында жолдасыммен енді кездесіп жүрген кез. Бір күні жігітім мені театрға шақырды, кездесу Мұхтар Әуезовтың ескерткішінің алдында. Кешкі сағат18:00-де болу керек. Мен келіскен уақытқа келдім, жігіт жоқ. 10-15 минуттай тұрдым. Ол кезде ұялы телефон деген жоқ. Содан бір мезгілде қасыма десант киіммен әскерден жақында келген бір ұзын жігіт келіп: “Мен Тоханың інісі Рахат боламын, ағамның бір шаруалары болып қалды. Театрға сізді мен апарамын” деді. Кездесуге жігітіме шығып, інісімен қыдырып кеткенмін. Болашақ қайныммен осылай танысқанмын. Кейін тұрмыс құрғаннан кейін Рахат біздің балапандарымызды бағып, жаялықтарын жуған кездері де болған. Сөйтіп бірге есейдік. Кейін келіншегі Салтанатты біздің үйге түсірді. Өзім орамалын тағып, қарсы алған болатынмын”, – деп жазды әнші.
Айта кетейік, жақында әнші Instagram-дағы парақшасында "Немеремді қарсы алуға асығып барамын. Әжелер қатарына мен де қосылдым", – деп көпшіліктен сүйінші сұраған еді.
Бұған дейін өнер иесінің қылмыс әлемінің серкелерімен дос болғанын жазған едік.