AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетісу өңірінде халық ауыз судан жаппай уланды – Жалған ақпарат

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Жетісу облысы Сарқан ауданының тұрғындары судан жаппай уланды деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Комитетте хабарланғандай, Сарқан ауданына санитарлық-эпидемиологиялық мониторингті жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің "Санитариялық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес және эпидемиологиялық мониторинг 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-193/2020 2022, коммуналдық шаруашылық объектілерін бақылау және қадағалау департаменті судың микробиологиялық және санитарлық-химиялық көрсеткіштеріне тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. 



"Соңғы зерттеулердің нәтижесі бойынша судың микробиологиялық және санитарлық-химиялық көрсеткіштері нормаға сәйкес келеді. Сондай-ақ тұрғындардың улану туралы шағымдарымен аудандық ауруханаға жүгінбегенін хабарлаймыз", - деді комитет.

Комитет сонымен қатар тұрғындарға жалған ақпаратқа сеніп дүрбелеңге түудің қажеті жоқ екенін ескертті.

"Тек ресми дереккөздерден сенімді ақпаратты оқыңыз. Сондай-ақ, жалған ақпарат тарату ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікті көздейтінін еске саламыз", - деп толықтырды комитет.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр