Жетісу облысында 15 жастағы жасөспірім 4 жасар баланы қағып өлтірді
Жетісу облысының Сарқан қаласында 15 жастағы жасөспірім 4 жасар баланы қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 23 сәуір күні кешке болған.
Honda Odyssey көлігінің жүргізушісі төрт жасар баланы қағып кеткен, бүлдіршін аудандық ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды.
Анықталғандай, көлікті 15 жастағы мектеп оқушысы басқарған.
Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша қажетті сараптамалар тағайындап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Көлік арнайы тұраққа қойылды.
Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
2026 жылы қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша қаражат жұмсайды
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Ресейлік қыз қазақ отбасына келін болып түсті: Ол Қазақстан жайлы көзқарасы қалай өзгергенін айтты
Алена: “Қой бауыздайтындары әлі таңғалдырады, ал шашу мен құдалық ұнады”