AAPL
149.32 $
0.46 %
TSLA
1018.43 $
-0.63 %
NDAQ
201.48 $
-0.01 %
GOOGL
2786.17 $
1.35 %
FB
315.81 $
-3.92 %
FRHC
66.35 $
-0.41 %
AAPL
149.32 $
0.46 %
TSLA
1018.43 $
-0.63 %
NDAQ
201.48 $
-0.01 %
GOOGL
2786.17 $
1.35 %
FB
315.81 $
-3.92 %
FRHC
66.35 $
-0.41 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жерлесім деп қарамаймын": "Жаңа толқынға" қатысқан Mezzo тобы Димаштың бет-бейнесін ашты

Жуырда "Жаңа толқын" байқауына қатысып, жүлдесіз оралған қазақстандық Mezzo тобы Димаш Құдайбергенге қатысты біраз сырдың бетін ашты. Жігіттердің айтуынша, байқау басталмас бұрын Димаш жершілдікке салынбайтынын, бағаны әділ қоятынын ескерткен. Бұл туралы Stan.kz "Алматы" арнасының Paparazzi бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"По факту қараймын дейді. Бірінші, екінші күні ол тек бізге емес, көп қатысушыларға 10 бал қойды. "Кім қай елден қарамаймын, сендер қатысушысыңдар, бірақ сендерге сәттілік тілеймін. Қалай өнер көрсетесіңдер, солай баға қоямын, деді", – дейді Mezzo-лық жігіттер.

Бағаны әділ қоюға тырысқан Димаш отандастары сахнаға шыққанда тақымын қысып, іштей олардың тілеуін тілеп отырған көрінеді. Оның қолдауын, бізбен бірге қобалжығанын сахнада тұрып сездік дейді "Жаңа толқын" қатысушылары. 


 Димаш Құдайберген Азиядағы ең сымбатты ер адам атануы мүмкін


Жігіттердің айтуынша, әлем таныған Димаш атағы қанша аспандаса да, қарапайымдылығын сақтап қалған. Сырт келбеті, киіну стилі өзгерсе де, жан дүниесі сол қалпында. 

"Қазіргі таңда оның міндеті сол. Мінезі өзгерген жоқ. Жұрттың көзінше, камераның алдында өзін ұстап тұрады. Себебі шетелде жүргеннің өзінде ол елдің атынан келіп тұрғанын біледі. Ол жерде адамның түрі әрқашан әдемі болу керек, сөйлеген сөзін байқау керек. Өзін жақсы жағынан көрсету керек қой, себебі саған қарап бүкіл елді бағалайды. Ал бірақ мінезі жағынан ешқандай өзгеріс жоқ, дәл сондай қазақтың қарапайым жігіті", – дейді топ.

Mezzo-лықтардың айтуынша, Димаш сахнаға шыққан кездегі көрерменнің қошеметін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. 

"Ол жердегі "уау" эффект Димашқа болды. Залдың 50%-ы Димашқа келген. Өнер көрсетіп болғаннан кейін шетелден келген кісілер: "Сіздер Димаштың отандастарысыздар, біз сіздермен танысайық" деді. Америкадан, Колумбиядан, Якутиядан келген адамдар бар. Димаш үшін келіп, бізге де қолдау көрсетті", – дейді жігіттер. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр