Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жергілікті жабайылар үнемі туристерге шабуыл жасайды": Алакөлде жаппай төбелес видеоға түсіп қалды

Алакөлдің жағасындағы Ақши ауылында орналасқан кафеге келушілер арасында жаппай төбелес болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әлеуметтік желілерде таралған видеода жергілікті тұрғындардың демалып жатқан туристермен жанжалдасқанын байқауға болады: 

"Біз Алакөлдегі Ақшиденбіз. Жергілікті жабайылар үнемі туристерге шабуыл жасайды. Ал билік үндемейді немесе олар таныстары арқылы шешеді", – дейді видео авторы. 

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі жастар арасындағы төбелес Алакөл ауданы Ақши ауылындағы ойын-сауық мекемесінде осы жылдың 15 тамызынан 16 тамызына қараған түні болғанын растады.

"Анықталған инцидент бойынша Алакөл АПБ оқиға орнына барлық мән-жайларды анықтау үшін учаскелік полиция инспекторымен жедел-тергеу тобы жіберілді. Тәртіп сақшылары келгеннен кейін кафе қызметкерлері өтініш жазды, осылайша фактіні растады. Қазіргі уақытта жанжалға қатысушылардың барлығын анықтау бойынша жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 2-бөлігі (бұзақылық) бойынша іс қозғалды. Тергеу барысы туралы қосымша хабарланатын болады. Айта кетейік, топтық төбелес кезінде куәгерлер немесе зардап шеккендер полицияға жүгінбеген”, – делінген хабарламада.

 

Талқылау