Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ешқандай мониторинг жүргізілмейді": Астананың әкімі Досаевтың сөзін жоққа шығарды

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзі туралы теріс пікір жазғандарды қалай бақылайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

ОКҚ алаңында есеп беру брифингіне қатысқан елорда басшысы әкімдік жұмысына қатысты қоғамның пікірін қарап, мониторинг жүргізіп отыратынын жеткізді. 

“Бізде ішкі саясат бөлімі БАҚ, интернеттегі болған ақпараттың барлығына мониторинг жүргізеді. Бірақ ол маған байланысты емес. Менің орынбасарларыма да қатысы жоқ. Ол жерде әкімшілік туралы ой-пікір қалай, қандай мәселелер шешілмей жатыр, қандай мәселені ұмытып кеттік, қай проблеманы тездетіп шешу керек сол туралы қаралады. Мәселелерді шешу жолын қарастырамыз”, – деді Жеңіс Қасымбек.

Астана әкімі өзіне қатысты теріс пікір айтатындарға ешқандай зерттеу жүргізбейтінін мәлімдеді.   

“Мен туралы, менің орынбасарым туралы, аудан әкімдері туралы ешқандай зерттеу жүргізілмейді”, - деді елорда әкімі.

Еске салайық, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев әкімдік өзі туралы теріс пікір жазған БАҚ-тарды іздеп, оларға зерттеу жүргізетіні туралы айтқан болатын

Талқылау