Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Жеңгетайлықпен” айналысқан депутат Юлия Каралаш туралы не білеміз

Соңғы кезде “Нұр Отан” партиясының мүшесі Юлия Каралаштың төңірегіндегі дау толастар емес. Бұл “жеңгетайлықпен” айналысқан депутат-қыз туралы жалғыз дерек емес.

Бұл туралы tobolinfo.kz басылымы хабарлайды.

Мәслихатта ол саясат пен экология сұрақтарымен айналысатын комиссия құрамында болған.  Жуырда Сенат депутаттарын тағайындау кезінде Юлия Каралаштың есімі көптеген облыстық басылымдарда аталған еді.

Оның желідегі парақшаларынан түрлі қызықты мәліметтер білуге болады. Халықтың “Мұндай адамды депутаттыққа қалай ұсынып отыр?” деген сауалына Елена Скаредина “Ол мұнымен өмір бойы айналысқан жоқ қой” деп жауап берген болатын.

Барлық аккаунтында дерлік белгісіз мазмұндағы суреттері жарияланған. Көбінесе шетелдік қыздарға жұмыс ұсынатыны туралы жазған. Мұнымен қатар, Юлия Каралаштың Karalash Fashion Company атты интернет дүкені бар. Аталған дүкен арқылы ол киім, косметика, әшекейлер сатқан.

Ал енді бір жазбаларында қазақстандық қыздарға шетелде жалақысы жоғары жұмыс ұсынған. Каралаш қыздарды осылайша “БАӘ-ге, Бахрейн патшалығына, Сингапурге, Қытайға және Түркияға бағыттап отырған. Тәртіп сақшылары оның немен айналысып жүргені туралы толық ақпаратты жекеге жазылған хаттары арқылы алған.

Юлия Каралаш пен Ксения Гамова қыз-келіншектерге 2-3 апта ішінде жезөкшелікпен айналысып, 5-10 мың доллар көлемінде ақша табуды ұсынған. Қауіпсіздік туралы сұрақтарға ол бизнестің сақадай сай жүзеге асырылып жатқанын айтқан. Мұнымен қатар, клиенттер сақтанатындықтан, ауру жұқтырып алу қаупі жоқ екенін ескерткен.


Жіберіп алмаңыз:

Жігіттер алып қашқанда қуанышы қойнына сыймаған қыз жұрттың ашуын келтірді (видео)

БАӘ-де патша мен Йоданың қатар отырған суретіне бола кітап қайта басып шығарылады

Швейцариялық компания тау ауасын сата бастады

Ғалымдар бұрынғы құрбақалардың динозаврмен тамақтанғандарын анықтады

Талқылау