Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде кітаппен фотосын жариялаған Жамбыл облысының әкімі күлкіге қалды

Жамбыл облысы әкімі Ербол Қарашөкеевтің желідегі фотосы қызу пікірталас пен әзілге айналды. Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі фотоға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram/erbol_karashokeev

Қарашөкеев Instagram желісінде 2025 жылды Жамбыл облысында кітап жылы деп жариялады. Әкім жаңа жылдық мерекелерде екі кітапты – Шерхан Мұртазаның "Ай мен Айша" және ақын Күләш Ахметованың "Құт" атты жыр жинағын оқуға бел буғанын айтты.

Әкім сол үшін кітаппен фотоға түсті.

"Облыс әкімінің пиар қызметкерлеріне ду қол шапалақ. Мерекеде екі кітап оқыды деп жазып жатыр. Неткен керемет! Ол 1 қаңтарда костюм киіп, галстук тағып, жай ғана кітап оқуға келді. Қол астындағыларға кедергі келтірмеді. Сонда оны фотоға кім түсірді? деген сұрақ туындайды” – деп жазды қолданушылардың бірі.

Осыған байланысты Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы жауап берді.

"Өңір басшысы жаңа жылдық мерекелерде (1-4 қаңтар) жұмыста болды. Аймақ басшысы алғашқы жұмыс сапарын 2025 жылы 3 қаңтарда Байзақ және Меркен аудандарында "Жұмысшылар" жылы аясында облыс әкімі жұмысшылар, еңбек ардагерлерінің үйлеріне барып, мерекелерімен құттықтады”, – деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Сөздерінше, кітаптар туралы пост жұмыс күні 5 қаңтарда жарияланды.

"Әрқайсымыз постқа жақсы фото таңдағымыз келетіні анық. “Әулиеата – оқу ордасы" жобасы жамбылдықтар арасында қолдау тапты. Биыл "Жұмысшы мамандықтары жылы" аясында облыста ауқымды жұмыстар атқарылмақ. "Әулиата – тағылымды өңір" жобасы бойынша да жүйелі жұмыстар жүргізілмек. Баршаңызды ортақ болашағымызға қатысты барлық бастамаға белсене қатысуға шақырамын", – деді әкімнің баспасөз хатшысы Жанғазы Ахмет.

Талқылау