"Жел жылдамдығы сағатына 100 шақырым": Желіде Қазақстанда қауіпті дауыл болатыны туралы видео тарады
Желіде Қазақстанда тропикалық дауыл болатыны туралы видео жарияланды. Онда 2024 жылы 9-10 ақпан күндері жылдамдығы сағатына 100 шақырымға дейін жететін жел соғатыны айтылған. "Қазгидромет" синоптиктері бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: chronicletechno.com
"Қазгидрометтің" хабарлауынша бұл ақпарат қате.
"Видеода талқыланған циклон Қазақстан аумағынан шықпайды. Жел күшіне келсек, видеода көрсеткіштер сағатына 100 шақырым деп көрсетілген. Демек ол секундына метрмен есептегенде 27-28 метр секунд", – деді синоптиктер.
Синоптиктердің хабарлауынша, 6 ақпанда Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында секундына 30 метр және одан да жоғары жел соғады.
Дауылды ескертуге сәйкес, 7-9 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде екпіні секундына 23-28 метр жел соғады. Одан кейін Қазақстаннан тыс жерде циклон қозғалады.
"Қазгидромет" РМК Қазақстан тұрғындары мен қонақтарын ресми ақпаратқа: Төтенше жағдайлар департаментінің 112 кезекшілік-диспетчерлік қызметіне сенуге, біздің сайтта және DARMEN мобильді қосымшасында дауылды ескертулерді бақылауға шақырады", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Қазгидромет алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялаған еді.