Желіде Гвинея шенеунігі түскен 300 порнографиялық видео тарады
Желіде Экваторлық Гвинеяның Ұлттық қаржылық тергеу агенттігінің басшысына ұқсайтын адамның 300-ден астам әуесқой порно видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі New Stories Africa басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: gazeta.ru
Видео шенеунік Бальтасар Эбанг Энгонг сыбайлас жемқорлық ісі бойынша ұсталып, оның кеңсесінде тінту жүргізілгеннен кейін тарады. Желі қолданушыларының айтуынша, Энгонгтың кеңсесінде түсірілген видеоларды полицияның өзі таратқан.
Видеодағы ер адамның серіктестерінің арасында полиция бас прокурорының қызына, министрлердің әйелдеріне ұқсайтындар да бар.
Шенеунік қазір жыныстық жолмен берілетін ауруларға тексеріліп жатыр екен. Бас прокуратура оны халық арасында инфекция таратқаны үшін жауапқа тартпақ.
Айта кетейік, бұған дейін Қытайда шенеунік сыбайлас жемқорлықпен айналысқаны және қарамағындағы 58 қызметкерімен жақын қарым-қатынаста болғаны үшін 13 жылға сотталған еді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар