Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұрт Аша Матай мен анасының ұқсастықтарына қайран қалды (фото)

Аша Матай анасын алғашқылардың бірі болып туған күнімен құттықтап, желі арқылы мұрағаттағы суретін бөлісті. Мұны көрген желі қолданушылары екеуінің қос егіздің сыңарындай ұқсастықтарына қайран қалды.

13707028_288935018128927_1691891999_n

Фото: іnstagram.com/asha_matai/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бүгін Аша Матайдың анасы Бәтес Байлының туған күні. Оны Баян Есентаева, Бағым Мұхиденова сынды сіңілдері мен туған-туысқандары әлеуметтік желі арқылы құттықтап жатыр. Алғашқылардың бірі болып туған қызы құттықтады. Құттықтаудың тұсындағы суретті көрген желі қолданушылары анасы мен Ашаның бір тамшының сыңарындай бір-біріне ұқсайтынын айтып жатыр. Десе де, олардың мінездері мен қылықтары мүлдем бөлек сыңайлы.

“Анашым менің! Ханшайымым менің! Ең сұлу, мейрімді, әділ, ақылды, әрдайым көңілді жүретін, саусағынан бал тамған, баға жетпес асылым! Туған күнің құтты болсын! Денсаулығыңыз мықты болсын! Әрдайым бақыттың құшағында болыңыз. Бұл жалғанда анашымның дәл сіз болғаныңыз үшін бақыттымын. Сізге барлығы үшін рахмет!” – дейді Аша Матай.

13643041_163950040676600_23820774_n

“Сүйікті әпкем, туған күнің құтты болсын! Денің сау болсын! Сүйе біл, біреудің сүйіктісі бола біл. Бастысы бақытты бол. Барлық арман-мақсаттарың орындалсын. Мен сені қатты жақсы көремін!” – дейді Баян Есентаева.

3788BBC500000578-0-image-a-2_1472010734192

Ал Бағым Мұхиденова оның бала күнгі суретін бөлісті. Суретте Бәтес ханым әкесімен бірге түссе керек. “Батончик, туған күнің құтты болсын! Мен үлгі алып өскен адамсың! Талантты, сондай сұлу, әділ, сабырлы, үй шаруасында тәжірибесі мол. Осыншама жақсы қасиеттің бір адамның бойынан табылғанын айтсаңшы. Әрдайым қасымызда бол! Сені шексіз жақсы көремін!” – деп жазады ол суреттің тұсына Бағым Мұхиденова.

новый коллаж

Желі қолданушылары өз кезектерінде Аша Матай мен анасын салыстыруға кірісті. Екеуінің сырт келбеттерінің ұқсастықтарына қайран қалды.  Мұнымен қатар, ақ тілектерін жаудырды. “Аша құдды анасының көшірмесі секілді”, “Анаңыздың туған күнімен! Осы аналарымыз аман болсын. Бүгін менің де анамның туған күні”, “Денсаулығы мықьы болып, ұл-қыздарының қызығын көрсін! Мәссаған, Аша сен мамаңнан аумайды екенсің ғой. Құдды көшірмесі сияқтысың. Дене бітімің де ұқсайды. Аузынан түсіп қалғандайсың” дейді желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыздар:

Аша Матай: Мені өсекқұмарлықтарыңмен қайран қалдырасыңдар

Аша Матай: Ырымымызға сай сәбиіміздің есімін алдын ала атамайтын болдық

Арман Қоңырбаев Ашаның қызғанышын оятып алам ба деп қорқады

Интернетті “жарған” балақайлар Арманның алдында Ашаны ыңғайыссыз жағдайға қалдырды

 

Талқылау