Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Интернетті “жарған” балақайлар Арманның алдында Ашаны ыңғайыссыз жағдайға қалдырды

Желі қолданушыларын түрлі видеосымен күлкіге қарқ қылып жүрген балақайлар Арманның алдында Аша Матайды ыңғайыссыз жағдайға қалдырды.

image

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Анасы Арай Мұғалжар балаларын видеоға түсіріп, отбасылық архивке сақтап отырған. Уақыт өте келе Әмина, Әдия, Аружан есімді үш балақайдың видеосын Қазақстан ғана емес, Ресей жұрты да тамашалаған. Тіпті ресейлік тележүргізуші Андрей Малахов оларды “Пусть говорят” ток-шоуына шақырған болатын.

Instagram қолданушыларын күлкіге қарқ қылған балақайлар видеоны танымал жұлдыздармен бірігіп түсіруді қолға алған. Солардың бірінде Арман Қоңырбаевтың көзінше Аша Матайды ыңғайыссыз жағдайға қалдырады. Бұдан өзге Әсел Сәдуақасова, Жамбо сынды әншілермен видео түсіріп үлгерген.

Қысқа роликтерде басты рөлді үш қыздың үлкені Әмина сомдайды. Жасы небәрі төртте болса да, түсірілімге асқан жауапкершілікпен қарап, процессті жіті бақылайды. Балақай ән айтып, би билегенді жақсы көреді. Камерадан мүлдем қорықпайды.

“Әмина – өте сезімтал бала. Ол Аяз ата мен перизаттардың бар екеніне сенеді. Өзінен кішіге қамқор, ал үлкендерге барынша ізет көрсете біледі”, – дейді анасы.


Оқи отырыңыз:

Қазақстандық үш бүлдіршін “Пусть говорят” ток-шоуында “жарды”

Талқылау