"Жел мен қар аралас жаңбыр": Синоптиктер еліміз бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды
Фото: freepik.com
"Қазгидромет" еліміз бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алдағы күндері Атлантикадан келген циклон Қазақстанның батысына қарай ығысады. Соның әсерінен жаңбыр жауып, жел күшейеді. Әсіресе елдің батыс аймақтарында күн суытады.
Ал солтүстікте, орталықта және шығыста осы күндері жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек 30 қазан күні күндіз жаңбыр солтүстік өңірлерге де жетеді. Оңтүстікте жаңбыр жауады, ал таулы аймақтарда түнде қар аралас жаңбыр болады.
Түнгі және таңертеңгі уақытта ел аумағында тұман түсуі мүмкін.
-
"Қоңыржай жылы": Қазақстанда алдағы қыста ауа райы қандай болады
-
Автокөлікті 5 минуттан артық қыздырғанға айыппұл: Мәжіліс депутаты шешілмеген мәселені еске салды
Күндізгі ауа температурасы көтеріледі:
- – Солтүстікте: +10…+15°C;
- – Орталық пен шығыста: +10…+18°C;
- – Оңтүстікте: +20…+28°C;
Ал батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде температура +9, +17°C шамасында болады.
Талқылау
Заманбек Нұрқаділовтің қаза болғанына 20 жыл: Саясаткердің өзі мен өлімі туралы не белгілі
Нұрқаділовтің билікке сын айтуы жұрт үшін тосын жаңалық емес еді
Қазақстандағы ең қымбат қақпашылар: Үздіктер тізімін Қайраттың үш бірдей қақпашысы бастап тұр
Комментатор: Қақпашылардың жиі көзге түсуі — құраманың қорғаныс шебінің әлсіздігін білдіреді